<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?><song><hymn_number>222</hymn_number>
<title>Аспанда бір қала бар РӘЖ222</title>
<lyrics>[V1]
.     Dm             Gm       C         F
 Аспанда бір қала бар, көшелері алтыннан,
.F   Gm         C         F
 Қабырғасы жақұттан, қақпалары асылдан.

[C1]
.    F               Dm       Bb
   Алтын қала, сен менің арманымсың,
.    C                     F
   Асыл қала, Тәңірдің мекенісің,
.      Dm                     Gm
   Алтын қала, сен алыс аспандасың,
.       A7                          Dm
   Жерден ұшып, оған қашан жетем шіркін?!

[V2]
 Сол қалада тек қана қасиеттілер тұрады,
 Исаны олар мадақтап, мәңгі думан құрады.

[V3]
 Көре алады қаланы шын тәубеге келгендер,
 Күнәларын қалдырып, тек Исаға ергендер.</lyrics>
<key>F</key>
</song>